ШЖҚ "ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы" КМК https://almaty-obl-aids.kz Ресми сайт Thu, 11 Dec 2025 05:55:00 +0000 ru-RU hourly 1 https://wordpress.org/?v=6.9 https://almaty-obl-aids.kz/wp-content/uploads/2023/03/logo.png ШЖҚ "ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы" КМК https://almaty-obl-aids.kz 32 32 «АИТВ — таңдау емес, ал қорғаныс өз қолыңда» https://almaty-obl-aids.kz/aitv-tangdau-emes-al-qorghanys-oez-qolyngda/ Wed, 10 Dec 2025 05:54:19 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1249 Дүниежүзілік ЖИТС-мен күрес Кампаниясының аяқталуына орай, 2025 жылдың 10 желтоқсанында Алматы облысындағы №10228 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық семинар өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – әскери қызметкерлер мен азаматтық мамандарға АИТВ туралы нақты әрі сенімді ақпарат беру, инфекцияның берілу жолдарын түсіндіру, қорғану әдістерін таныстыру және ерікті түрде тестілеудің маңыздылығын насихаттау болды.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог маманы Н. Қасымов қатысушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, қауіп факторлары, алдын алу шаралары және антиретровирустық терапияның қазіргі мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ қоғамда жиі кездесетін стигма мен кемсітушілік мәселелері қозғалып, олардың медициналық көмекке кеш жүгінуге әсер ететіні түсіндірілді. Қатысушыларға АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен және жанашырлықпен қараудың маңызы жеткізілді.

Семинар барысында тыңдаушылар денсаулықты қорғау, тұрмыста инфекцияның алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін әйелдерден дені сау бала дүниеге келуі мүмкіндігі туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мамандардың айтуынша, жүкті әйелдің уақтылы дәрігер бақылауында болуы және алдын алу шараларын сақтауы баласына АИТВ берілу қаупін едәуір төмендетеді.

Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, жеке кеңестер берілді және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға бағытталған ұсыныстар жасалды.

Мұндай семинарлар әскери бөлім қызметкерлерінің медициналық сауаттылығын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және инфекциялық аурулардың алдын алуға елеулі үлес қосады.

Қамтылғандар саны: 70 адам, оның ішінде 50 әскери қызметші және 20 азаматтық қызметкер.

]]>
Он жыл бойы АИТВ-мен өмір сүріп келемін https://almaty-obl-aids.kz/on-zhyl-bojy-aitv-men-oemir-suerip-kelemin/ Tue, 09 Dec 2025 09:17:27 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1227 Он жыл ішінде менің өмірім түбегейлі өзгерді. Бір кездері бұл диагноз мені күйретіп тастайтындай көрінді, бірақ сол сәтте мен өмірге қайта жармасып, бәрін жаңадан бастадым.

Бірнеше жыл бұрын АИТВ-ға оң нәтижелі тест алған кезде абдырап қалдым. Оған дейін ретсіз өмір салтын ұстандым. Басымда сансыз сұрақ болды: АИТВ қайдан пайда болды, бұл инфекция деген не, қалай емделемін, әрі қарай не істеймін? Бүгін мен білемін: мен сияқты адамдардың бұл сұрақтарға жауап табуға уақыты бар, әрі көмектесуге дайын адамдар бар. Олар — дәрігерлер және дәл осындай диагнозбен өмір сүріп, тәжірибесімен бөлісетін жандар.

Диагноз қойылғаннан кейін өмірім «дейін» және «кейін» деп екіге бөлінді. Мен ашық, көпшіл, сырт келбеті тартымды ер адаммын, қыздармен танысу маған еш қиын болған жоқ. Қарым-қатынасымыз маңызды деңгейге жетуі мүмкін болған қыздарға мен АИТВ статусымды әрдайым ашық айтатынмын. Біреулері бірден кетіп қалатын — АИТВ-мен өмір сүретін адаммен бірге бола алмайтынын айтатын. Басқалары үнсіз жоғалып, қоңырауыма не хабарламама жауап бермейтін.

Бір дос қызым  бар еді, ол мені сол күйімде қабылдады. Біз үйлендік. Бірақ некеден кейін кез келген ұрыс-керісте статусымды бетіме басумен болды. Бұл неке ұзаққа созылмады. Сол кезде мен өзіме тең адамды, мені түсінетін, маған тең дәрежеде серік бола алатын жанды табуым керек екенін түсіндім. Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандарының көмегімен АИТВ-мен өмір сүретін қызбен таныстым. Біз шаңырақ көтердік, үш жылдан астам уақыт бақытты отбасымыз, ұлымызды тәрбиелеп отырмыз. Ең қуаныштысы — баламыз дені сау.

Иә, менің өмірім өзгерді. Бірақ өмірдің өзі өзгеріс. АИТВ жоспарларды түзетуі мүмкін, бірақ ол арманды, махаббатты, бақытты отбасын, мансапты, баланы, достықты жоққа шығармайды. Мен статусымды жасырмаймын. Мені қабылдағандар — жанымда қалды. Мен абыройлы, толыққанды өмірге сенемін.

]]>
Қарасай ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жалғасуда https://almaty-obl-aids.kz/qarasaj-audanynda-aqparattyq-tuesindiru-zhumysy-zhalghasuda/ Tue, 09 Dec 2025 05:52:26 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1242 Қарасай ауданында жастардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатындағы белсенді әрі жүйелі жұмыс жалғасуда. Соңғы бір ай ішінде медициналық ұйымдар мен профильдік мекемелердің мамандары ауданның колледж студенттері мен мектеп оқушыларына арналған лекциялар, тренингтер және интерактивті кездесулер сериясын өткізді.

Ақпараттық кампания ауқымды білім беру алаңдарын қамтыды. Олардың қатарында медициналық және шығармашылық бағыттағы колледждер, сондай-ақ Қарасай ауданының Шалқар және Батан ауылдарына қарасты мектептер бар. Жұмысқа жасөспірімдермен қатар педагогикалық құрамның да қатысуы аудиторияны кеңейтіп, алдын алу шаралардың тиімділігін арттырды.

КМК «Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ мамандары кездесулердің негізгі қатысушылары болды. Дерматовенеролог Т. Кузьмина жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу туралы кеңінен түсіндіріп, жүйелі тексеруден өтудің маңызын атап өтті. Психолог С. Султанғалиева психоактивті заттардың зиянына тоқталып, олардың жасөспірімдердің дене және психикалық денсаулығына әсерін түсіндірді.

Кездесулер барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық, денсаулықты қорғаудағы жеке жауапкершілік және уақытылы дәрігерге қаралу қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Интерактивті формат оқушылар мен студенттерге еркін сұрақ қойып, сенімді ақпарат алуға, сондай-ақ кең таралған мифтерді жоққа шығаруға мүмкіндік берді.

Ай қорытындысы бойынша Қарасай ауданында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы 950-ден астам жасты қамтыды. Бұл көрсеткіш жүйелі профилактиканың маңызын ғана емес, сонымен бірге жастардың денсаулық пен қауіпсіз өмір салтына деген қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді.

]]>
2025 жылдың 8 желтоқсанында Кеген аудандық ауруханасы (ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КМК) базасында «Ашық есік күні» форматындағы іс-шара өткізді. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған айлық аясында ұйымдастырылды. https://almaty-obl-aids.kz/2025-zhyldyng-8-zheltoqsanynda-kegen-audandyq-auruhanasy-shzhq-kegen-audandyq-auruhanasy-kmk-bazasynda-ashyq-esik-kueni-formatyndaghy-is-shara-oetkizdi-is-shara-dueniezhuezi/ Mon, 08 Dec 2025 09:08:54 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1217 Акция барысында:

  • Қандағы қант мөлшері – 18 адамға тексерілді;
  • Артериялық қан қысымы – 12 тұрғынға өлшendi;
  • АИТВ-ға жедел тестілеуден – 18 адам өтті;
  • Тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес – 18 адамға ұсынылды.

Акцияға терапевт, нарколог және жастар денсаулық орталығының мамандары қатысып, тұрғындарға АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша кеңестер берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – халықтың АИТВ инфекциясы, оның жұғу жолдары, алдын алу әдістері туралы білімін арттыру, сондай-ақ ерте тестілеудің және уақытылы емдеудің маңызын түсіндіру.

Мамандар АИТВ-ны ерте анықтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Себебі инфекцияны бастапқы кезеңде анықтау – дер кезінде ем бастауға, денсаулықты сақтауға, асқынулардың алдын алуға және вирустың басқа адамдарға берілуін болдырмауға мүмкіндік береді. Антиретровирустық терапия вирустың деңгейін анықталмайтын мөлшерге дейін төмендетеді, демек ол басқа адамдарға берілмейді.

]]>
Мектеп спорты – денсаулық кепілі және АИТВ-ның алдын алу негізі https://almaty-obl-aids.kz/mektep-sporty-densaulyq-kepili-zhaene-aitv-nyng-aldyn-alu-negizi/ Fri, 05 Dec 2025 09:18:37 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1235 2025 жылғы 5 желтоқсанда Талғар ауданы Еркін ауылындағы №26 орта мектепте 10–11 сынып оқушылары арасында волейболдан аудандық жарыс өтті. Бұл шара жасөспірімдерді спорттық бәсеке рухында біріктіріп қана қоймай, бұқаралық спортты дамыту, денсаулықты нығайту және жастардың салауатты өмір салтына деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігіне айналды.

Жарыс аясында Талғар аудандық спорт басқармасының қолдауымен жасөспірімдердің АИТВ мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу жолдары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған ақпараттық-профилактикалық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы Талғар аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы болды. Кездесу барысында орталық директоры С. Қазболатов пен «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ШЖҚ КМК эпидемиологы А. Сұлтанова оқушыларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға, белсенді өмір салтын ұстануға және өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Жарыс оқушылар арасында командалық рухты дамытып қана қоймай, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ денсаулыққа қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Талғар аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының құрмет грамоталарымен және ЖИТС орталығының естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдіріп, мұндай бастамалар спортпен айналысуға ынталандырып, салауатты өмір салтын ұстануға жігер беретінін атап өтті. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың денсаулығын нығайтуда және қоғамда спорттық құндылықтарды кеңінен насихаттауда маңызды рөл атқарады.

]]>
Денсаулық жолындағы спорт пен білім https://almaty-obl-aids.kz/densaulyq-zholyndaghy-sport-pen-bilim/ Fri, 05 Dec 2025 09:08:25 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1215 Жамбыл ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға және АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Бір бастама аясында колледж студенттері арасында спорттық жарыстар мен мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.

Ұзынағаш ауылында Жамбыл ауданына қарасты колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирге ұлдар мен қыздар командалары қатысып, өздерінің жоғары спорттық дайындығы мен командалық рухтарын көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында Ұзынағаш медициналық колледжінің командасы жеңіске жетсе, қыздар арасында Ж. Жабаев атындағы кәсіптік колледждің командасы І орынды иеленді.

Аталған шараға Ұзынағаш медициналық колледжінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Оңлыбекқызы қатысты. Жалпы спорттық іс-шара 100 студентті қамтыды, оның ішінде тікелей ойынға 28 қатысушы қатысты.

Сол күні Жамбыл ауданында 8–11 сынып оқушылары арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді. Семинар Жамбыл орта мектебінің базасында екі кезеңмен ұйымдастырылды. Жалпы қамтылған оқушылар саны — 245.

Кездесу барысында мамандар жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып, инфекцияға қатысты кең таралған қате түсініктерді түсіндіріп өтті. Ашық пікір алмасу форматында өткен семинарда оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды.

Өткізілген бұл шаралар Жамбыл ауданының жастарында денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыруға, АИТВ инфекциясының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.

]]>
Білім- басты қорғаныс: Қарасай ауданында жастарға арналған семинарлар өтті https://almaty-obl-aids.kz/bilim-basty-qorghanys-qarasaj-audanynda-zhastargha-arnalghan-seminarlar-oetti/ Thu, 04 Dec 2025 04:35:04 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1208 3 желтоқсан 2025 жылы Қарасай ауданының Шамалған ауылында Ә. Бухарбайқызы және М. Әуезов атындағы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына арналған ақпараттық-түсіндіру семинарлары өтті. Денсаулық және қауіпсіз мінез-құлық тақырыбын қамтыған кездесулерге 350-ден астам жасөспірім қатысты.

Шараның басты мақсаты — жастарға АИТВ жұқпасы мен ЖЖБИ-ға байланысты қауіптердің қалай қалыптасатынын түсіндіру және оларды шынайы қорғайтын біліммен қамтамасыз ету. Семинар форматы оқушыларды әңгімеге белсенді тартуға, еркін сұрақ қоюға және мазалаған ойларын ашық талқылауға мүмкіндік берді.

Жастар денсаулық орталығының мамандары әр жасөспірімге жақын әрі түсінікті тақырыптарды қозғады. Гинеколог А. Өтепбергенова репродуктивті денсаулықтың қалыптасуы және оған мектеп жасынан бастап көңіл бөлудің маңызын түсіндірді. Дерматовенеролог Т. Кузьмина жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы айтып, ерте ақпараттандырудың салдарды алдын алудағы рөлін атап өтті.

Психолог А. Бүйрекбаева эмоциялар, құрдастар қысымы және күйзеліс жасөспірімдерді қауіпті әрекеттерге итермелеуі мүмкін екенін айтты. Ол қажет кезде «жоқ» деп айта білу және үлкендерден қолдау іздеудің маңызын атап өтті. Нарколог А. Ақшалова психоактивті заттардың жас ағзаға әсерін түсіндіріп, олардың қолданылуы АИТВ қоса алғанда, түрлі инфекцияларға әлсіздік тудыратынын жеткізді.

Семинарлар денсаулыққа қатысты әңгімеде жасөспірімдерге тек нақты деректер ғана емес, ашық және шынайы диалогтың да маңызды екенін көрсетті. Қатысушылар пікір алмасып, күнделікті өмірден мысалдар келтіріп, мектеп бағдарламасынан тыс қалып қоятын сұрақтарын қойды.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Н. Қасымовтың айтуынша, ақпарат баршаға қолжетімді әрі түсінікті болуы тиіс: «Қоғамда әлі де АИТВ туралы қате пікірлер мен стереотиптер кездеседі. Бұл — жастарды дұрыс емес түсініктерге жетелейтін қауіпті фактор. Біздің міндет — олардың өмірде қолдана алатын нақты білім алуына жағдай жасау».

Қарасай ауданында өткізілген жұмыс жасөспірімдер денсаулық мәселелерін ашық талқылаудан қорықпайтын орта қалыптастыруға бағытталған. Мұндай кездесулер жастардың өзіне деген сенімділігін арттырып, жауапкершілігін күшейтеді және денсаулығына ұқыпты қарауына ықпал етеді. Бұл — бүкіл қоғамның дені сау болашағына қосылған үлес.

]]>
АИТВ инфекциясын алдын алу бойынша «Ашық есік күндері» өтті https://almaty-obl-aids.kz/aitv-infekciyasyn-aldyn-alu-bojynsha-ashyq-esik-kuenderi-oetti/ Tue, 02 Dec 2025 10:59:36 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1192 Әр жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, Алматы облысының ЖИТС орталығы мамандары Қонаев қаласы, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында ауқымды «Ашық есік күндерін» ұйымдастырды.

Бірнеше күн бойы тұрғындар АИТВ инфекциясы туралы өзекті ақпарат алып, мамандарға сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды және тегін тестілеуден өтті.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың ақпараттылығын арттыру, стигма мен дискриминация деңгейін төмендету, сондай-ақ ерікті тестілеу мәдениетін насихаттау болды. Медициналық қызметкерлер АИТВ берілу жолдары, қолжетімді қорғау әдістері туралы айтып, кең тараған мифтерді жоққа шығарып, ақпараттық материалдар таратты. Барлық қалаушылар экспресс-тесттен өтіп, бірнеше минут ішінде нәтижесін алды, бұл инфекцияны ерте анықтау және уақтылы емдеуді бастау үшін маңызды қадам болып табылады.

Акция тұрғындар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Қонаев қаласында мамандар шамамен 180 адамды қамтыды, ондаған тұрғын экспресс-тест пен ИФА-диагностикадан өтті. Жамбыл ауданында шараға қызығушылық одан да жоғары болды — мамандар екі жүзден астам тұрғынға консультация берді, олардың көпшілігі тестілеуден өту мүмкіндігін пайдаланды. Ұйғыр ауданында «Ашық есік күндері» де елеулі қатысушылар санын жинады, ал ИФА-тестке жүгіну деңгейі тұрғындардың өз АИТВ мәртебесін білуге деген жоғары қызығушылығын көрсетті.

Мұндай бастамалар тек ақпараттылықты арттырып қана қоймай, сонымен қатар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады және еске салады: өз мәртебеңді білу — өзіңді және жақындарыңды қорғауға маңызды қадам жасау деген сөз.

]]>
Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемесінде «ВИЧеринка» https://almaty-obl-aids.kz/almaty-oblysynyng-qylmystyq-atqaru-zhuejesi-komitetining-mekemesinde-vicherinka/ Mon, 01 Dec 2025 04:33:14 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1201 Алматы облысы Заречный ауылында орналасқан Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №12 мекемесінде Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ақпараттық-ағартушылық акция өтті.

Іс-шара дәстүрлі дәрістердің орнына жеңіл, ашық және интерактивті форматта — «ВИЧеринка» түрінде ұйымдастырылды. Мұндай тәсіл қатысушыларға еркін атмосферада денсаулық тақырыптарын талқылауға мүмкіндік беріп, сенімді қарым-қатынас орнатты. Акцияға 150 тергеудегі азамат қатысып, мамандарға еркін түрде сұрақтар қойып, талқылауларға белсенді атсалысты.

«Доверие плюс» ҮЕҰ өкілдері А. Абусеитова мен С. Кабжалелов АИТВ, гепатиттер және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар тақырыптарын қамтыған мазмұнды викторина өткізді. Бұл формат қатысушыларға өз білімдерін тексеріп қана қоймай, жаңа әрі нақты ақпарат алуға жағдай жасады. Белсенді қатысушылар Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы директорының атынан берілген алғыс хаттар мен сыйлықтармен марапатталды. Бұл олардың қызығушылығы мен белсенділігінің маңызды бағасы болды.

«Рес Социум» қоғамдық қорының өкілдері В және С гепатиттері, доконтактылық профилактика (ДКП), сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, қай жерде консультация және көмек алуға болатынын нақты түсіндірді.

Екі концерттік нөмір іс-шараға ерекше көркемдік реңк беріп, жылы эмоциялық атмосфера қалыптастырды. Бұл кездесуді тек пайдалы емес, сонымен қатар жағымды әрі есте қаларлық шараға айналдырды.

Осындай акциялар азаматтардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауына, стереотиптерді жоюға және АИТВ мен басқа да әлеуметтік мәні бар аурулар туралы хабардарлық деңгейін арттыруға зор үлес қосады.

]]>
Талғар ауданындағы волейбол жарысы өтті https://almaty-obl-aids.kz/talghar-audanyndaghy-volejbol-zharysy-oetti/ Fri, 28 Nov 2025 10:54:30 +0000 https://almaty-obl-aids.kz/?p=1176 Алматы облысының Талғар қаласындағы Абай атындағы №3 орта мектебінде 9–11 сынып оқушылары арасында аудандық волейбол жарысы өтті. Спортқа қызығушылығы жоғары оқушы қыздарды біріктірген бұл шара аудандық спорттық бастамалардың жарқын оқиғасына айналды.

Жарыс аясында Талғар аудандық спорт басқармасымен бірлесіп «Қиындықтардан тиімді өзгерістерге – АИТВ-ге қарсы күресте» атты ақпараттық Кампания ұйымдастырылды. Оның мақсаты — оқушылардың АИТВ инфекциясының алдын алу туралы білім деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіру.

Іс-шараға Талғар аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығының директоры С. Қазболатов пен ШЖҚ «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығы» КМК эпидемиологы А. Сұлтанова қатысты. Мамандар қатысушыларға алдын алу шараларын түсіндіріп, дене белсенділігінің денсаулықты нығайтудағы рөліне тоқталды.

Жарыс сағат 10:00-де басталды. Ұйымдастыру жұмыстарын Талғар аудандық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы жүзеге асырды, ал жарысты тікелей өткізу орталықтың әдіскерлері — Н. Мұрзабаева мен С. Қабыловаға жүктелді. Турнирдің негізгі міндеттері — бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, волейболға қызығушылықты арттыру және командалық өзара әрекеттестікті нығайту.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге I, II және III дәрежелі дипломдар, сондай-ақ облыстық АИТВ/ЖИТС орталығының бағалы сыйлықтары табысталды.

Қатысушы қыздар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, мұндай шаралардың спорттық дағдыларды дамытуға, командалық рухты күшейтуге және жаңа жетістіктерге ынталандыратынын атап өтті.

]]>