Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы ұйымдастыруымен Алматы облысының аймақтық коммуникация орталығының мекемесінде, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1 мекенжайында сағат 11:00-де брифинг өтетінін хабарлайды.

Брифингте өңірдегі алдын алу шараларының қорытындылары және АИТВ-ның алдын алудағы жаңа тәсілдер таныстырылады.

2025 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін Қазақстанда Әлемдік ЖИТС-пен күрес күніне (1 желтоқсан) арналған Кампания өтуде. 2025 жылғы тақырып — «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан- тиімді өзгерістерге».

Алматы облысында жастар денсаулық орталықтары, білім беру ұйымдары, әскери қызметшілер, бизнес өкілдері және халықтың негізгі топтары үшін ақпараттық-ағартушылық және алдын алу шараларын өткізуде. Облыс тұрғындары ЖИТС орталығы мен облыстық медициналық мекемелердің мамандарынан кеңес алып, АИТВ бойынша тегін және құпия түрде тестілеуден өте алады.

Кампания саналы мінез-құлықтың, ақпараттанудың және уақытында тестілеудің маңыздылығын еске салады – АИТВ алдын алуға болады.

 

Ұйымдастырушы:
ШЖҚ «Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен

Өткізу мерзімі: 2025 жылдың қазан – желтоқсан айлары

Байланыс деректері: баспасөз хатшысы – Қожалимова Самал Кеңшілікқызы, сот.: +7 778 440 9810

Акцияға жауапты – Абдукаримова Ляззат Алмасбекқызы, сот.:

+7 707 158 3236